Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен омбудсмен құрғанын, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларын қолдау жөніндегі Автоматтандырылған байланыс орталығын құрғанын хабарлаймыз.
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы микроқаржы ұйымдарының клиенттерінен шағымдар мен өтініштерді қабылдайды және микроқаржы ұйымымен тікелей байланыста қарыз алушылардың проблемалық мәселелерін жедел шешеді.
Омбудсмен және байланыс орталығы туралы толық ақпаратпен сайттан танысуға болады https://mfohelp.kz.