«Микроқаржы ұйымы «Инкар & S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі-микроқаржы ұйымы) мынаны хабарлайды.
Мемлекет басшысының су тасқыны салдарынан төтенше жағдай аудандарында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде микроқаржы ұйымына клиенттер-жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес субъектілеріне жүгінген кезде мынадай қолдау шаралары көрсетілетін болады:
- ұсынылған ресми мәліметтерге сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін 3 ай мерзімге шағын несие бойынша төлемдер кейінге қалдырылады;
- зардап шеккен азаматтардың барлық несиелері бойынша қаржылық жағдайы су тасқынының теріс әсерінен нашарлаған қарыз алушы-жеке тұлғаларда туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді;
- су тасқыны шаруашылық қызметті бұзуға әкеп соққан барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне микроқаржы ұйымына берілген өтінішті ескере отырып, шағын несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру берілетін болады.
Әрбір зардап шеккен қарыз алушының қаржылық жағдайын жеке талдау нәтижелері бойынша микроқаржы ұйымы зардап шеккен азаматтар мен бизнес субъектілерінің шағын несиелерін қайта құрылымдау бойынша қосымша шарттарды да айқындайтын болады.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен адамдарға шағын несиелерді қайта құрылымдау туралы мәселені жедел шешу мақсатында микроқаржы ұйымына Қарағанды қ., Ерубаев к-сі, 44/2, 3 кеңсе мекенжайы бойынша немесе электрондық поштаға жүгіну қажет: inkar_mfo@mail.ru.
Кеңес алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (771) 180 43 34, 8 (771) 044 87 39.