"ИНКАР & S" МҚҰ ӨЗ ҚАРЫЗГЕРЛЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Кішкене тарихтан…

 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды. Бастапқыда бұл мереке Еуропа мен Америкада атап өтіле бастады, содан кейін бүкіл әлемде, соның ішінде біздің Республикамызда да танылды.

 2020 жылғы 1 қазанда "Инкар & S" МҚҰ компаниясы зейнеткерлік жастағы қарызгерлерін осы мерекемен құттықтады.

 Жылы сөздер мен жылы тілектер айтылып, кішігірім тәтті сыйлықтар ұсынылды.

 Шарттары кепілдік мерзімінде болған зейнетақы жасындағы қарызгерлерге өсімпұл шегерілді.

 Зейнеткерлердің жүздерінен күлкі мен шынайы таңқалуды көру бір ғанибет болды!

 Біз жасы үлкен буынға еліміздің игілігі үшін әділ және адал еңбегі үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

 Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жылулық, ұзақ ғұмыр мен бақыт тілейміз!

 Күз мерзімі жарқын және аяулы болсын!

 Сіздерді әрдайым жақындарыңыздың жылулығы мен қамқорлығы қоршасын , балаларыңыз бен немерелеріңіз өз жетістіктерімен қуанта берсін.