Сіздің сұрақтарыңыз

Сұрақ қою

Сот орындаушысы туралы мәліметті қайдан білуге болады?

Қозғалған атқару өндірісі туралы барлық мәлімет, автоматтық режимде жаңартылып отырылатын Әділет Министрлігінің сайтында болады - Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізімі. Сіз сайттан жеке сот орындаушысының толық аты-жөні және байланыс телефон нөмірі туралы мәлімет таба аласыз.

Қазақстан Республикасы шегінен шығуға тыйым салынған борышкерлер тізімінен қалай шығуға болады?

Әрине, ең анық нұсқасы – айыппұлдарды, баждарды, алименттерді, коммуналдық қызметтерді немесе қарыздарды өтеу. Яғни, сот орындаушысының аталған шараны қолдануы үшін себеп болған жайттарды жою.

Сізге Қазақстан Республикасы шегінен шығуға тыйым салынғандығын қалай білуге болады?

Іссапарды, туыстық немесе туристік сапарды жоспарламастан бұрын, билет алмағанға не конақ үйді брондамағанға дейін аталған фактордың бар/жоқтығын анықтап алуды ойлаған дұрыс. Оны Әділет Министрлігі сайтынан, автоматтық режимде жүргізілетін тізімнен тексеруіңізге болады - Қазақстан Республикасы шегінен шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі. Борышкерлер қоры жүйелі негізде жеке сот органдарынан түскен қаулылар бойынша жаңартылып отырады.

Қарызды бөліп төлеу мүмкін бе?

Егер Сіз қарыз сомасын бірден толықтай өтей алмасаңыз, Сіз кредитормен қарыз сомасын бөліп төлеу туралы келісімге келе аласыз. Кредитор Сіздің қарыз сомасын бөліп төлеу туралы өтінішіңізді қарағаннан кейін, сіздің қаржылық жағдайыңызды және қарыз сомасын бағалап, сізге қарызды өтеу үшін қолайлы нұсқалар ұсынады.

Шығындарды өндіріп алу туралы ісінде қалай азайтуға болады?

Егер мүмкіндік болса, тез арада қарыз сомасын өтеу. Уақтылы төлем Сізге қосымша шығындардан құтылуға мүмкіндік береді.

Егер қарыз сомасын толық өтеу мүмкін емес болса, кредитормен байланысқа шығып, өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды және төлем қабілеттігіңіздің қайта қалпына келу мүмкіндігі жайлы хабар беріңіз.

Берешек пайда болған жағдайда не істеу керек?

Құрметті клиент, егер Сізде микрокредит бойынша берешек пайда болса, Сіз кредит алған бөлімшеге туындаған мәселені шешу үшін баруыңыз қажет. Бөлімшелерде біздің кредиттік менеджерлер сізге толық мәлімет береді және мерзімі өтелген берешекті өтеу үшін әртүрлі тәсілдер ұсынады.

Біздер өтінімді онлайн қабылдай аламыз ба?

Құрметті Қарыз алушы, Біздер біздің қарыз алушылармен оффлайн тәртібінде тікелей байланыста жұмыс істейміз. Тікелей консультация алу үшін Сіз «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласа аласыз.

Сіздерде вакансиялар бар ма?

Сіз жаңа вакансияларды «Вакансиялар» бөлімінен қарай аласыз.

Сіздерде тұрақты клиенттерге жеңілдіктер бар ма?

Құрметті Қарыз алушы, біз барлық өзіміздің қарыз алушыларды бағалаймыз және құрметтейміз, сондықтан біз тұрақтылық негізінде кредиттеудің икемді талаптарын ұсынамыз. Компанияда «жеңілдік» ұғымы ескерілмеген, бірақ тұрақты және адал ниетті клиенттер үшін әртүрлі акциялар бар.

Кредиттік шартты үшінші тұлға ұзартуы мүмкін бе?

Құрметті Қарыз алушы, кредиттік шарт - ол компания мен қарыз алушы арасындағы келісім, сондықтан да, жасасылған шарт шеңберіндегі ары қарай қарым қатынас тікелей өз арамызда ғана жүзеге асырылады. Қауіпсіздікті және құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғаның араласуына жол берілмейді.

Сіз қайырылымдылық шарасы түрінде қандай көмек көрсетесіз? Сіз тұрмысы төмен немесе тек милық салдануға шалдыққан балаларға ғана көмектесесіз бе?

Біз милық салдануға шалдыққан балаларға серуендеу арбасын алу арқылы көмектесеміз. Сонымен қатар қимыл тірек аппараты сырқаттарын емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек алумен көмек көрсетеміз. Сонымен қоса көп балалы отбасыларындағы балаларды жаңа жыл және өзге де мерекелермен құттықтау шарасына үнемі қатысамыз.

Қандай қалаларда сіздердің бөлімшелеріңіз бар?

Құрметті Қарыз алушы, компания Қарағанды, Ақмола облыстарының қалаларында, Астанада, Балхашта, Приозеркте, Қостанайда, Семейде, Көкшетауда, Өскеменде жұмыс істейді. Жақын арада Қостанай және Ақмола облыстарында жаңа бөлімшелердің ашылуы жоспарлануда.

Біздің кредиттік бөлімшелердің Қазақстан қалаларында бары туралы толық ақпарат және мекенжайлар компания сайтының байланыстар бөлімінде көрсетілген.

Сіздерде терминал немесе онлайн әмияндар арқылы төлеу қызметтері бар ма? Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға бола ма?

Құрметті Қарыз алушы, бүгінгі күні компания өз клиенттеріне терминал немесе онлайн әмияндар арқылы қызмет көрсетпейді. Біздер біздің қарыз алушылармен оффлайн тәртібінде тікелей байланыста жұмыс істейміз, сонымен қатар қарызды толық өтеу кредиттік шартта көрсетілген компанияның есеп айырысу шотына ақша құралдарын жіберу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.