Біздің қайырымдылық шараларымыз

Бүгінгі таңда, өкінішке орай, мыңдаған бала әртүрлі көмекке мұқтаж. Олар – жақсы күтім мен дәрі-дәрмекті қажет ететін жетімдер және балалар үйіндегі жетімдер, ауыр науқасқа шалдыққан балалар, милық салдануға шалдыққан балалар (БМС).

Біздің ұйым әлеуметті-жауапкер болып милық салдануға шалдыққан балаларға (БМС) және олардың ата-аналарына қолдау көрсетуді жалғастыруда.

2017 жыл ішінде біздермен милық салдануға шалдыққан балаларға(БМС) жеті кресло-арбалар, ортопедиялық аяқ киімдер сатып алынды және олардың отбасыларына табыс етілді.

2018 жылдың наурыз айында Дюшен Беккердің үдемелі дистрофия және жүрек ақауы диагнозымен екі балаға қайырымдылық көмегі көрсетілді және милық салдануға шалдыққан екі балаға (БМС) қымбат дәрі-дәрмектер берілді. 

БМС диагнозы қойылған17 жасар Шнайдер Кристина Александровнаға кезеңді фибротомиялық қымбат операциясы төленді. Операция 22 сәуір күні ресейлік дәрігерлермен профессор Лохвицкий С.В. емханасында жасалынды.

Біз Кристинаның тез сауығып кетуіне тілектеспіз!