Клиенттерге

«ИНКАР & S» Микроқаржы ұйымы» ЖШС Қарыз алушыларға микрокредиттерді беру ережелері

 

Осы ереже «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес әзірленген. Ереже микрокредитті беру, сонымен қатар оларды өтеу және сыйақыны төлеу тәртіптері мен талаптарын, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету талаптарын және берілген микрокредит бойынша құжаттаманы жүргізу, кредитордың және қарыз алушының құқықтары мен міндеттерін, микрокредитті беру құпиясын кепілдендірудің мәселелерін бекітеді. Осы ережелер кредитор және оның қарыз алушылары үшін міндетті болып табылады.

Осы Ережеде келесідей терминдер қолданылады:

«микроқаржы ұйымы» – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

 «қарыз алушы» – микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

 «өтініш беруші» – микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

 «микрокредит» – микроқаржы ұйымы қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

 «мақсатты микрокредит» – микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес қарыз алушының белгiлi бiр мақсаттарға оны пайдалануының талаптарымен берiлген микрокредит;

 «микрокредитті өтеу» - микрокредит сомасын және ол бойынша сыйақы мөлшерін қайтару;

 «микрокредит бойынша сыйақы» - кредиторға тиесілі ақшаның жылдық сомасын есептеуден микрокредит сомасына пайыздық мөлшерде айқындалатын микрокредит бергені үшін төлем;

 

«микрокредит талаптары» - сыйақының мөлшерлемесі, қарыз алушымен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, микрокредитті өтеу мерзімдері туралы талаптарды, сонымен қатар әрбір жеке микрокредит бойынша тәуекелді азайтуға бағытталған ерекше талаптарды қоса алғанда, микрокредит берілгенге сәйкес талаптар;

 «кредиттiк дерекнама» – микроқаржы ұйымы әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәлiметтер;

 «жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі» - микрокредитті бергені, оған қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін микроқаржы ұйымына төленуге жататын сыйақыны, олар бар болса – комиссиялық және өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін, микрокредит бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесі.

 Қарыз алушы Кредиторға микрокредитті пайдаланғаны үшін сыйақы немесе таңдалған кредиттік өнімнің шартына сәйкес өзге де төлемдер түрінде төлемақы төлейді.

 Берілген микрокредитті пайдаланғаны үшін  сыйақы мөлшері микрокредитті берген күнге қарамастан жылдық есептеуде көрсетіледі.

 Микрокредит берумен байланысты комиссия, сыйақы және өзге де төлемдер микроқаржы ұйымымен микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде алынады.